Иранда кезекті президент сайлауы өтті. Халық дауысының басым бөлігін жиған Ибрахим Раиси жаңа президент атанды. Алайда бұл жолғы сайлауға сарапшылар «таңдаусыз сайлау», тіпті «тағайындау» деген баға беріп жатыр. Ал Иран халқының сайлауға қатысу деңгейі әдеттегіден аз. Сонымен, сайлауда жеңген Раиси деген кім? Неге оны либералдар ұната бермейді? Оның жүргізетін саясаты қандай болуы мүмкін?
Өткен аптадағы президент сайлауы Иран үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі болды. Бұған дейін «реформистер» атынан екі мерзім ел басқарған Хасан Роухани 3-ші рет сайлауға қатыса алмады. Ал бұрынғы президент Ахмадинежадтың кандидатурасы өтпей қалды. Жалпы, бұл жолы Ислам революциясының сақшылар корпусы президент сайлауына қатысуға ниетті 592 кандидаттың тек 7-еуін ғана іріктеп алған. Иә, бұл елде аталған корпустың ықпалы жоғары, ол тіпті сайлауға қатысшулардың тізімін де анықтай алады. Осылайша, сайлауда Ибрахим Раисиге бәсекелес болуы мүмкін деген адамдар шеттетіліп, оның билікке барар жолы тазарды. Сөйтіп, ол 17,8 млн. сайлаушының дауысын жинап (62 пайыз), Иранның жаңа президенті атанды. Алайда корпус неге Раисиды таңдап отыр?Комиссиядан соң ол 1989 жылы Тегеран прокуроры болып тағайындалады. Бұл қызметті 5 жыл атқарып, 1994 жылы Иран сот жүйесінің бас инспекциялық ұйымының жетекшісі атанды. Ал 2004 жылдан 2014 жылға дейін Раиси Иран сот төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2014-2016 жылдар аралығында елдің бас прокуроры атанды. 2016 жылы әкімшілік қызметке ауысты. «Астан Кодс Разави» (Astan Qods Razavi) холдингінің басшысы болды. Бұл – шиитер үшін қасиетті Имам Резеви кесенесі мен басқа да ғимараттарды, қайырымдылық қорларды басқаратын әкімшілік ұйым. 2019 жылы Иран сот жүйесінің басшысы атанды.Ибрахим Раиси деген кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін жаңа иранбасының биографиясын шолып шығу керек. Ол өз елінде қатаң діни консерватор ретінде, Батысқа қарсы көзқарастарымен белгілі әрі елдің жоғарғы басшысы Аятолла Али Хаменеидің ізбасары, жақын серіктесі ретінде қарастырылады. Аятолла Хаменеи секілді Иран шииттері үшін қасиетті қала Мешхедте туған. Раиси қызмет жолын құқық саласында бастаған, 1981 жылы Карадж қаласының, кейін Хамадан провинциясының прокуроры қызметіне тағайындалған. Раисиді қарсыластары «жендет-88» деп атайды. Негізгі себеп – ол 1988 жылы Ирандағы режимге қарсы шыққан мыңдаған кісіні өлім жазасына кескен «өлім комиссияларының» құрамындағы 4 судьяның бірі болған.
Оның қызметтік жолы Иранның саяси элитасының талаптарына сай келетіндей. Бір жағы құқық саласында талай жыл жұмыс істесе, екінші жағы шииттік ағымның жарқын өкілі саналады.
4 жыл бұрынғы жеңіліс. Ибрахим Раиси 2017 жылы президенттік сайлауға қатысып, бағын сынап көрген. Ол сайлауға Ислам революциясының халық фронтының (JAMNA) өкілі ретінде тіркелді. Сол кезде-ақ Раиси Иранның жоғарғы жетекшісі Аятолла Али Хаменеидің «сүйікті және болашақ мұрагері» ретінде сипатталған және сайлауда жеңу мүмкіндігі жаман емес еді. Бірақ ол сол кездегі президент Хасан Роуханидан ұтылып, 2-ші орын алды. Сайлау нәтижесі белгілі болған соң қалыптасқан саяси мәдениетті ұстанбады, жеңімпазды құттықтамады. Оның орнына 100 беттік есеп дайындап, сайлаудың әділ өткенін тексеруді сұрады.Реформистер неге жеңілді? Жалпы, Иран қанша қатаң режимдегі ел саналса да, реформалар мен өзгерістерді қалайтын саяси топ өкілдері бар, реформистер. Алайда ол Батыста қалыптасқан классикалық либералдар емес. Олардың ұстанымы консерваторлардан қатты өзгере қоймайды. Мәселен, сол либерал саналатын Али Лариджани негізінен тек парламент рөлінің күшейгенін ғана қалайды. Бірақ сонда да сарапшылар «реформистер» қоғам қолдауынан айырылып бара жатыр деген пікірде. Неге? Бірден-бір себеп – Батыс елдерімен жасалған ядролық келісімнен АҚШ-тың шығып кетуі. Өйткені сол реформистер жетекшісі саналатын президент Хасан Роухани өз халқын, саяси элитасын әлгі ядролық келісімді жасап, санкциядан құтылуға келіскен еді. Алайда АҚШ-та билікке Дональд Трамп келген соң ол келісімнен шығып, санкцияларды қалпына келтірді. Осылайша, Иранда Батыс бізді алдап соқты деген түсінік қалыптасты және оған негізгі айыпты ретінде сол құжатқа бастамашы болған реформистер саналды. Бұл Иран қоғамында олардың рөлінің әлсіреуіне, Батыспен шекісуді жақтайтын консерваторлардың сайлауда жеңіске жетуіне алып келген сыңайлы.Жалпы, бұл жолғы сайлауда Иран халқы белсенді болған жоқ. Электораттың 48 пайызы ғана дауыс берді. Мәселен, 2017 жылғы сайлауда бұл көрсеткіш 73 пайыз болған. Ирандықтардың сайлауға аз келуі «менің дауысым ештеңе шешпейді» деген ұстанымнан туындап отырған сынды. Себебі, Ислам революциясының сақшылар корпусы Раисиге қарсы негізгі кандидаттарды сайлауға қатыстырмаған соң «бәрі шешіліп қойды» деген түсінік қалыптасты. Мәселен, саяси додаға қатыса алмаған кандидаттың бірі парламенттің экс-спикері Али Лариджани еді.
Аталған мәселенің шешілуі Иранмен жасалған ядролық келісіммен тікелей (Бірлескен іс-қимыл жоспары) байланысты деуге болады. Яғни, Иран өзінің уранын байытуды тоқтатса, АҚШ құжатқа оралып, санкцияларын алып тастауы мүмкін. Бірақ уранды байытуды тоқтату деген сөз Иранның ядролық қаруға қол жеткізу арманын кешеуілдету дегенді білдіреді. Егер Иран қазір АҚШ, НАТО, Израиль, Сауд Арабиясымен қырғи-қабақ қатынаста екенін ескерсек, онда ядролық қару Тегеранның қауіпсіздік кепілдігіне айналар еді. Бірақ санкция жегідей жеп барады.Халықтың жағдайы мүшкіл. АҚШ санкциялары мен Батыспен жасалған ядролық келісім – соңғы сайлауларда талқыланатын негізгі тақырыптар. Өйткені экономикалық санкциялар Иран халқының жағдайын нашарлатып жіберді. ЖІӨ көлемі артқанымен, сарапшылар қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп жатқанын айтады. Инфляция 46 пайызға жеткен, халықтың жартысынан астамы кедей саналады, жастар арасындағы жұмыссыздық 20-30 пайыз арасында. Коронавирус пандемиясы жағдайды ушықтырып жіберді. Сондықтан халі қиындаған электоратты көптен бері елдің ядролық қаруы, АҚШ-пен айқастан бұрын өзінің күнделікті күнкөрісі, табысы көбірек мазалайды.
Бірақ ядролық келісім қайта жасалу мүмкіндігі жоғары. Неге? Өйткені Раиси экономикалық жағдайдың қиындап бара жатқанын көріп отыр. Жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – санкцияларды алып тастау. Ол үшін АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденмен келісімге келуі шарт. Байден де Иранға бет бұруы ғажап емес. Оған да бірнеше фактор ықпал етеді. Біріншіден, ол – демократ әрі Обама саясатын жалғастырушы. Демократтар бұған дейін Кубамен де тіл табысты. Оған қоса, Байден бастаған Америка Қытайды бас қарсылас деп санайды. Егер АҚШ Иранмен текетіресін жалғастыра берсе, онда Бейжің мен Тегеран тез тіл табысуы бек мүмкін. Бұл АҚШ-қа аса қажет емес. Сондықтан Қытайға тағы бір қуатты одақтас табылмай тұрғанда Байден де ядролық келісімге оралуы ғажап емес.Ядролық келісім қайта жасала ма? Енді жаңа президент ядролық мәселе бойынша қандай ұстанымда болуы мүмкін? Сарапшылар Ибрахим Раисидың қатаң консерватор, Батысқа қарсы жиі пікір айтатын саясаткер, сондықтан ол ешбір жеңілдік жасамайды, келіссөздерде қатаң ұстанымда болады деген болжам айтуда. Тіпті, келіссөздер тоқтап қалуы мүмкін деген де пікір бар. Өйткені Раиси бұған дейін Хасан Роухани үкіметін бірнеше рет сынап, Иран Батыспен келіссөзді қатал жүргізу керек деп талап қойған.