Екі салмақ бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор мен жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Дастин Порье UFC 264 турнирінде кездеседі, деп жазады Prosports.kz. Аталған жекпе-жекте қос файтер қанша гонорар алатыны белгілі болды. МакГрегор 3 млн. доллар нақты гонорар алады, Порьеге 1 млн. доллар бұйырады. Сондай-ақ, МакГрегор ақылы трансляцияның 60%-ын, ал Порье 40%-ын алады. Қоса есептегенде, Конордың жалпы табысы шамамен 10 миллион доллар, ал Дастиннің табысы шамамен 3 миллион доллар болады. Айта кетейік, Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы үшінші жекпе-жек 11 шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Қос файтер бұған дейін екі мәрте кездескен. Бірінші жекпе-жекте 2014 жылы қыркүйекте Конор бірінші раундта нокаутпен жеңсе, 2021 жылы қаңтарда өткен екінші жекпе-жекте керісінше Дастин қарсыласын нокаутқа жіберді (екінші раундта).