Токио ойындарына жарысқа келген угандалық ауыр атлет Юлиус Ссекитолеко із-түзсіз жоғалып кетті, – деп жазады vesti.kz. Олимпиада астанасынан 500 шақырым жердегі Идзумисано қаласында өз командасымен бірге қосалқы құрамда жаттығып жүрген Юлиус 67 келіде сынға түсуі тиіс еді.
Inside The Games басылымының мәліметінше, спортшының жоғалғанын командаластары да растап отыр. Қазіргі таңда полиция африкалықты іздеу жұмыстарына көшті.