Қазандағы мектепке басып кіріп, оқушыларды атып өлтірген Ильназ Галявиевке қатысты психологиялық-психиатриялық сараптама әлі жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады "РИА Новости" ақпарат агенттігіне Ресейдің тергеу комитеті.
Бұған дейін Қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы — "Газета ОНК" В.П. Сербский атындағы Мемлекеттік әлеуметтік және сот психиатриясы ғылыми орталығы Қазан қаласында атыс шығарған сәттегі Ильназ Галявиевтің ақыл-есі кем деп таныды.
"Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясындағы психологиялық-психиатриялық кешенді сараптама әлі аяқталған жоқ", — делінген ресми жауапта.
Бұған дейін 11 мамырда Қазан қаласындағы мектепке басып кіріп, оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы Ильназ Галявиев туралы жазған болатынбыз.