Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Пари Сен-Жерменнен» кеткісі келеді. Бұл туралы AS.com хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, шабуылшы париждіктермен жаңа келісімшартқа отырғысы келмейді және клубта 2021/22 маусымға дейін қалады. Мбаппе ұсыныстағы қаржының көптігіне мән бермейді, өйткені ол енді ПСЖ-да ойнағысы келмейді. Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылғы маусым айының соңында аяқталады. Ойыншы осы тамызда клубтан кеткісі келді. Бұл шешімнің бір себебі – футболшының ПСЖ спорт директоры Леонардомен нашар қарым-қатынасы нашар. Осыған байланысты Мбаппемен келіссөздерді Париж президентінің өзі жүргізеді, ол алдағы уақытта ойыншымен қайта кездесіп, оны клубта қалуға көндіруге тырысады. Ал қазір ПСЖ-ға Мбаппенің трансфері бойынша ұсыныстар түсіп жатқан жоқ. Бұған дейін "Реал Мадрид" клубы француздық ойыншыға қызығушылық танытқан болатын. Мбаппе париждіктер сапында 2017 жылдан бері ойнайды. Франция чемпионатының соңғы маусымында шабуылшы 31 матчқа қатысып, 27 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Transfermarkt нұсқасы бойынша, Мбаппе – әлемдегі ең қымбат футболшы. Форвардтың трансферлік құны 160 миллион еуроға бағаланып отыр.