Оңтүстік Грузияда найзағай соғып, Абул тауында жайылған 550-ден астам қойды өлтірді. Бұл туралы Sputnik Грузия сайты хабарлайды. Оқыс оқиғадан кейін қалалық әкімдікте қойлардың жаппай қырылуы мәселесін зерттейтін арнайы топ құрылды.
«Шынымды айтсам, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Найзағайдың осыншама қойды жайратқаны туралы бұған дейін естіген жоқпыз. Әрине, мэрия қолдау көрсетеді, бірақ алдымен фермердің өзі жаппай өлімнің себебін дәл анықтау үшін мамандардың қорытындысын әкелуі керек», - дейді Нинотсминда мэрінің орынбасары Александр Микеладзе.Сондай-ақ, ол 150-ге жуық қойдың Тамбовка ауылының жергілікті тұрғынына, қалғаны басқа муниципалитеттің фермеріне тиесілі екенін айтты. Жайылым ауылдан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Қойдың өлекселері бірден сол жерде өртеледі, өйткені таудан оларды түсіру мүмкін емес. Көлік мұндай биіктікке көтеріле алмайды.