Ямайкалық жеңіл атлет Хансл Перчмент Токио Олимпиадасында волентер қыздың көмегімен алтын медаль жеңіп алған. Жеңіл атлет жарыс күні автобус маршруттарын шатастырып алып, жеңіл атлетика стадионының орнына басқа кешенге барып қалған. Ұйымдастырушылар оған автобусқа отырып, жарыс болатын жерге келуді ұсынған, бірақ ол олай жасағанда жарысына кешігіп қалатын еді. Нәтижесінде оған сол жерде волонтер болып жүрген Тияна Стойкович көмектескен. Стойкович Перчментке қажетті ақшасын беріп, такси шақырып берген. Волонтер қыздың арқасында жеңіл атлет жарысына уақытында барып, Олимпиаданың алтынын жеңіп алды. Бірнеше күннен кейін Перчмент волонтермен кездесіп, алғысын айтқан. Спортшы оған Ямайка ұлттық құрамасының жейдесін сыйға тартыпты. https://twitter.com/AndrewHolnessJM/status/1424057089643663368?s=20