Аустралиялық футболшы Дэнни Ходжсон Перт қаласының теміржол вокзалында соққыға жығылды. Спортшы командамен кездесуден қайтып бара жатқан, жолда оны 15 жастағы жасөспірім басынан жұдырықпен ұрған. Ол оқиға орнынан қашып кеткен, алайда, көп ұзамай ұсталды. Оның мұндай қылмысқа баруының себебі әлі белгісіз, деп хабарлайды gol.ru. Ходжсон қаладағы басты госпитальдік ауруханада жатыр, оған бас сүйегі сынған деген диагноз қойылды. Дэннидің миына қан кетіп, жағдайы нашарлай түскен. Осы себепті дәрігерлер оны бірнеше ай жатуға болатын кома жағдайына арнайы түсіруге мәжбүр болды. Ходжсонның АҚШ-тағы ата-анасы Аустралия ковидке байланысты жабық боп тұрғандықтан баласына бара алмай отыр. Оның Анасы Никола әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрады. Қазіргі таңда көмек ретінде 70 мың доллар жиналған. Қазірде футболшының ата-анасы Аустралияға кіруге рұқсат алыпты.