Бразилиялық джиу-джитсудан жастар арасында бірнше дүркін әлем чемпионы және ММА-ден жастар біріншілігінің күміс жүлдегері Алекс Уильямсқа көшеде шабуыл жасалды. 16 жастағы бозбалаға ересек бұзақы тиіскен. Алекс төбелеспеуге тырысқанымен, ер адам оны ұрып жібермек болғаны байқалады. Ақыры Алекске өзін қорғау үшін бірнеше әдіс қолдануға тура келді Дегенмен бозбала бәрібір аздаған жарақат алған екен.
"Мен ештеңе істеген жоқпын, ол адам маған келіп, басыңды жарам немесе пышақтаймын деп айғайлай бастады. Қашып кетуіме де болатын еді, бірақ, бетін қайтару керек деп шештім", - дейді Уильямс.https://twitter.com/AlexEnlund/status/1437860779768926208?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1437860779768926208%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Ftengrinews.kz%2Flife%2Fvzroslyiy-huligan-napal-ulitse-podrostka-kotoryiy-okazalsya-449404%2F