АҚШ-тың Монтана штатында пойыз рельстен шығып кетті, 50-ден аса адам зардап шекті, – деп хабарлайды РИА Новости порталы. АҚШ-тың Amtrak теміржол жолаушылар компаниясы пойыз Монтанадағы Джоплин елді мекенінің маңында рельстен шығып кеткенін, апат кезінде шамамен 150 жолаушы мен 13 команда мүшесі болғанын хабарлады. CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасай отырып, үш адам қаза тапқанын мәлімдеді. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі оқиға орнына алты ауданның құтқарушылары барғанын атап өтті.
"Тірі қалғандардың бәрі апат болған жерден шығарылды", – деді Фрикел New York Times газеті.