Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясында орналасқан Сейд-Абад мешітінде болған жойқын жарылыстан 100-ге жуық адам қайтыс болды, деп хабарлайды RT ақпарат агенттігі.
Шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да (елорда уақытымен 15:00) Жұма намазы кезінде жасалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жанкешті діни ғимараттың ішінде жарылғыш құрылғыны іске қосқан.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Ауғанстанның Хост провинциясындағы мешіттердің бірінде жарылыс болып, бір адам қаза тауып, 14-і жарақат алды.