Бүгін Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр. «Жасыл» аймақта Алматы мен Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары бар.Бүгін елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 957 мыңнан асты.