БҰҰ-ның Бас Хатшысы Антониу Гутерриш 2021 жылдың соңына дейін әлем халқының 50%-ға жуығы вакцина алып үлгеруі тиіс екенін ескертті.
Қазір шамамен планетада 8 млрд-қа жуық адам тұрады. Сountrymeters.info ақпары бойынша 17 желтоқсанға дейін әлемде вакцинаның 2 компонентін 3,62 млрд адам ғана алған. Бұл – 41% пайызға тең. Жыл соңына дейін 2 апта уақыт қалғанын ескерсек, енді 9% адамның вакцина алып үлгере қоюы екіталай шығар.Сондай-ақ Гутерриш коронавирустың ешқайда кетпейтінін ескертті.«Биыл 50 пайыз, 2022 жылы 70% адам вакцина алуы тиіс. Бірақ әзір 98 ел бұл межеге жете алмай отыр. 40 ел 10%-ға вакцина алса, кедей елдер 4%-ға әрең жеткен», - дейді БҰҰ Бас хатшысы.