Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа қаулыда қала тұрғындары мен қонақтары мынадай талаптарды қатаң сақтауы керек екені айтылған: - «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін «Ashyq» мобильдік қосымшасын қолдану; - қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ ашық ауадағы қоғамдық орындарда бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы №36, №38 №42 № 43, № 47, № 52 қаулыларының, 2022 жылғы №1, №2, №4 және №5 қаулыларының талабын орындауы қажет. Құжатта Нұр-Сұлтан қаласының «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі де берілген.