7 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

7 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 23 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 23 қаңтарда Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 23-24 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады. 24 қаңтарда шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында 23-24 қаңтарда кей жерде тұман күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 23 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.