Қытай ғалымдары адам популяциясына бұрын ОАР-да анықталған NeoCoV коронавирусының еніп кету қаупі туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлады РИА Новости.
"Бұл топтағы вирустың таралуын адамдарда пайда болу әлеуетін ескеріп, мұқият бақылау қажет" , - делінген хабарламада.Мамандардың айтуынша, адам ағзасымен әрекетке түсу үшін вирусқа белгілі бір мутация керек, қазір ол жарқанаттарға қауіп төндіріп тұр. Соған қарамастан NeoCoV-тың табиғаты әзірге жұмбақ болып тұр. Бұған дейін өткен тәулікте 13 652 қазақстандық коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.