Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 1-3 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте, шығыста қар, батыс өңірлерде жаңбыр және көктайғақ болып, қар жауады. Тұман басып, жел күшейеді.

Еліміздің шығысы мен орталығында түнде және таңертең аяз 15-28 градусқа дейін жетеді. Қазақстанның басым бөлігінде температура бірқалыпты болмайды. Алматыда 1 ақпанда күн бұлтты болады. Күндіз +3°C, түнде -5°C көрсетеді. 2 ақпанда күн ашық, күндіз +2°C, түнд -4°C болады. 3 ақпанда күн бұлтты, күндіз +3°C, түнде -2°C болады. Ел астанасында 1 ақпанда күндіз -6°C, түнде -10°C болады. 2 ақпанда күн бұлтты, күндіз -11°C, түнде -15°C болады. 3 ақпанда күндіз -9°C, түнде -16°C болады. Шымкентте 1-3 ақпан аралығында күн ашық, күндіз +8...+9°C көрсетеді, түнде -4...-3°C жетеді.