23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін солтүстік, орталық пен шығыста қар жауып, көктайғақ күтіледі. «Қазгидрометтің» мәліметінше, өзге өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тұман басып, жел соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шығыс жартысында бұрқасын болады. Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке күшейеді. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с-ке артады. Түнде және таңертең солтүстігінде және өңірдің таулы аудандарында тұман болады. Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 15-20 м/с-ке артады. Өңірдің батысы мен оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, орталығында солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман болжанады.