Ресей қарулы күштерінің Киевке басып кіру салдарынан Украина президенті Владимир Зеленский бункерге жеткізілді, - деп хабарлайды CNN телеарнасы.
"Киевке Ресей қарулы күштерінің жақындауына байланысты қауіпсіздік мақсатында Зеленский бункерге жеткізілді", - делінген хабарламада.Бұл ретте бункер Киевте әлде басқа жерде екені белгісіз болып қалып отыр. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді келіссөздерге шақырғаны туралы жазған болатынбыз.