РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украина аумағындағы операцияның басты мақсаты Ресейді Батыс елдерінің қоқан-лоқысынан қорғау екенін айтты, – деп жазады ТАСС ақпарат агенттігі.
"Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің тобы арнайы әскери операцияларды мақсатына жеткенше жалғастыра береді", – деді Шойгу.Министр Ресейдің бұл операциядағы басты мақсатын ашып айтты.
"Біз үшін бастысы – Ресей Федерециясын Батыс елдерінің әскери қаупінен сақтау", – деді министр.Шойгудың айтуынша, ресейлік әскерилер тек әскери нысандарды істен шығарып, бейбіт тұрғындарды қорғауға қолдан келгенше жағдай жасап жатыр. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский екі ел арасындағы келіссөзде қандай келісімге келгендерін айтқанын жазған болатынбыз.