6 наурызда Украинаның Ирпень қаласында атыс кезінде актер, тележүргізуші, әнші және музыкант Паша Ли көз жұмды, - деп хабарлайды Liga.net.
“Бірге суретке түсіп те үлгермедік. Жатқан жерің жайлы болсын”, – деп жазды украиналық адвокат және журналист Ярослав Куц Facebook-тегі парақшасында.Паша Лидің танысы әнші Камалияның айтуынша, қаладағы атыс кезінде актер өзінің бронды кеудешесін шешіп, оны балалардың үстіне жауып аман алып қалған. Нәтижесінде Паша мен Камалияның модераторы Дмитрий ауыр жарақат алған.
“Менің модераторым Дима құрсақ бөлігіне, арқасынан, екі аяғынан ауыр жарақат алған. Олар Паша Лимен бір батальонда қызмет еткен. Ирпеньде өртеніп жатқан үйден адамдарды эвакуацияау кезінде екеуі де ауыр жарақат алды. Өз бронды кеудешелерін шешіп, балаларды оқтан қорғады. Барлық 9 бала дін-аман. Өкінішке орай Паша Лиді құтқара алмады. Украиналық батырлар жасасын”, – деп жазды Камалия.Паша Ли 33 жаста болған. Жақында ол Украина Қарулы күштерінің аумақтық қорғанысы қатарына қосылған.
“Паша Ли керемет актер, талантты және мейірімді адам, әрқашан бізбен біргесің. Сен мен білетін ең керемет өзге планеталық едің. Бүгін өзіңнің әділдік пен жарық планетаңа ұшып кеттің. Паша Ирпеньде оққа ұшты. Мәңгі есіміздесің”, – деп жазды музыкант Дмитрий Шуров.