Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы болып, онда 2022 жылғы 14 наурызда өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды. Мәжіліс комитеті Қазақстан мен Армения арасындағы Армения мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады. Сонымен қатар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына Бас прокурордың ауызша жауабы туралы мәселе енгізілді.