Қызылорда облыстық партия филиалының ұйымдастыруымен облыстық Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Шаханов және облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары М.Мырзабеков партия алаңында қоғамдық қабылдау жүргізді. Тұрғындарға заң аясында кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қабылдауға келушілер құрылыс және сәулет саласына қатысты сұрақтармен қатар, әлеуметтік мәселелерді де тілге тиек етті. Атап айтқанда, құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы тұрғын үй құрылысы мен бағасына әсері, құрылыс сапасы мен жобалау барысында ескерілуі қажет ұсыныстар аталды. Қабылдаушы тараптар сұрақтарға заң аясында жауап беріп, көпшіліктің ұсынысы ескерілетінін жеткізді.