Украинаның Жоғарғы Рада депутаты Илья Кива Ресей президенті Владимир Путиннен елдегі соғысты тоқтату үшін Украина президенті Владимир Зеленскийді өлтіруді сұрады. Бұл туралы саясаткер «60 минут» бағдарламасында айтты, – деп жазады ura.ru.
«Бұл соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – өз халқын қырып жатқан және айналасына қауіп төндіретін террористердің көзін құрту. Мен Зеленский мен оның айналасындағыларды айтып отырмын», – деді Кива эфирде.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөздерде белгілі бір оң нәтиже бар екенін мәлімдеген болатын.