Ресей Федерациясы Қарулы күштері қолбасшылығы шетелдіктер есебінен жеке құрамын толықтырып жатыр, – деп хабарлады Украинская правда. Қолда бар мәлімет бойынша, ресейлік әскерилер Башар Асад пен "Хезболла" саяси партиясының әскерінен 1000-ға жуық еріктіні таңдап алған. Шетелдік жауынгерлерге қойылып отырған басты талап - қалада әскери іс-қимыл жүргізу тәжірибесінің болуы. Алайда тағы бір мәліметке қарағанда, бұл сарбаздар Украина аумағындағы әскери қақтығысқа қатысу үшін емес, іссапарды Еуропа елдеріне бару мақсатында пайдаланбақ.