«Жолда абай болыңыздар» – астана әуежайының жұмысы қайта қалпына келді

«Жолда абай болыңыздар» – астана әуежайының жұмысы қайта қалпына келді

Кеше әуежайда ауа райына байланысты әуе рейстерінің кестесі өзгерген еді. Бүгін Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов айтты. «Сағат түнгі он екіден бастап астана әуежайы шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде. Ұшып келу, ұшып шығу және кешіктірілу туралы толық ақпаратты әуежайдың анықтама қызметінен және авиакомпаниялардың колл-орталықтарынан білуге болады. Сондай-ақ әуежайдың ұшып-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жолаушыларды әуежайға уақытылы келуін сұраймыз. Жолда абай болыңыздар», – деді Әнуар Шәлекенов.

Ескерер жайт, Қазақстанда бүгін де боран соғып, қар жауады.