Қостанайдағы жантүршігерлік жол апаты: жаяу кетіп бара жатқан жас жігіт қаза тапты

Қостанайдағы жантүршігерлік жол апаты: жаяу кетіп бара жатқан жас жігіт қаза тапты

Қостанай облысы Тобыл қаласында үш көлік бір-бірімен соқтығысты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 25 жастағы жігіт жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан.

«Hyundai Accent көлігінің 20 жастағы жүргізушісі 56 жастағы жүргізуші тізгіндеген Renault Logan автокөлігімен соқтығысқан. Осы екі көліктің біріне соғылған Skoda Yeti қатты екпінмен жаяу жүргінші жолындағы (тротуар - ред.) жаяу адамды қаққан. Қатты соққыдан 25 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты», – деді полицейлер.

Жарақат алған жүргізушілер мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.