Қоғамдық тамақтану орындарынан ақша алған Ұлттық сараптама орталығының қызметкері сотталды

Қоғамдық тамақтану орындарынан ақша алған Ұлттық сараптама орталығының қызметкері сотталды

Ұлттық сараптама орталығының қызметкері тамақтану орындарын тексергені үшін ақша алып отырған. Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкері 8 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. «30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының шешімімен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкері 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды» делінген агенттіктіктің хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.