Қаржы пирамидасына өзі ақша салып, өзін өзі өртеген әйелге қатысты Алматы полициясы мәлімет жариялады  

Қаржы пирамидасына өзі ақша салып, өзін өзі өртеген әйелге қатысты Алматы полициясы мәлімет жариялады  

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қозғалған іс жайында айтты, – деп жазады inform.kz. Кеше Mudarabah Capital қаржы пирамидасының салымшысы Бағила Досмайылова астанадағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өз-өзін өртеп жіберді.

«Бағила Досмайылова Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша жәбірленуші деп танылған. 10 сәуірде ол өзінің Instagram парақшасында өліміне мені кінәлі деп санауды өтініп, жазба жариялады. Өйткені оның айтуынша, мен «істі жабуға асығып отыр екенмін». Аталған қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікке ілінген, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланды», – деді Рустам Әбдірахманов.
Алты күдікті қамауда отыр, үшеуі кепілмен босатылған, тағы екеуі үйқамаққа алынған. Біреуі ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берген. Қылмыстық процеске қатысты 14 адамға Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлімі бойынша айып тағылған. «Таяу арада процеске қатысушылар қылмыстық іспен танысып болған соң іс сотқа жіберіледі. Келген материалдық шығынды өндіру мәселесін сот қарап шешеді. Өз атымнан ол кісінің тезірек жазылып кетуіне тілектеспін. Өмірде қиын жағдайға тап болған кез келген адам эмоциялық күйзеліске ұшырайтыны белгілі», – дейді Рустам Әбдірахманов. *Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар барын ескертеміз!    https://youtu.be/Wjw5ZL6JDNI