SpaceX бас директоры Илон Маск Марсқа ұшу билеті шамамен 100 000 доллар (44,5 миллион теңгеден астам) болатынын айтты. Business Insider-дің хабарлауынша, миллиардер TED конференциясының кураторы Крис Андерсонмен әңгімелесу кезінде басқа планетаға бару құнын айтты.
«Егер Марсқа көшу, мысалы, 100 000 доллар тұратын болса, меніңше, кез келген адам 100 000 доллар жинай алады және қаласа Марсқа бара алады», - деді кәсіпкер.