Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Президент Владимир Путинге Мариуполь қаласының ресейлік әскер мен ДНР милициясының бақылауында екенін және Азовсталь зауытының аумағы бұғатталғанын айтты, - деп хабарлайды РИА НОВОСТИ. Оның айтуынша, зауыт аумағында екі мыңнан астам украиналық әскери бар.
"Азовсталь зауытында жасырынып, сол жерде қалған адамдар туралы айтатын болсам, бұл жұмысты аяқтау үшін үш-төрт күн қажет", – деді Шойгу.Бірақ Путин зауытқа шабуыл жасауды тоқтатуды тапсырды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 11 наурыздан бері Мариупольде төрт мыңнан астам адам қаза тауып, 1 478 адам тұтқынға алынды. Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Кремльдің Мариупольді басып алу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.