Таңдаған мамандығыңмен болашаққа бағыт-бағдар бер

Таңдаған мамандығыңмен болашаққа бағыт-бағдар бер

Жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқан технологиялар кәсіпкерлік саласына тікелей әсер етіп, жаңа кәсіптік топтардың пайда болуына әкелді. Жасанды интеллекттен робототехникаға дейінгі көптеген салалар аз уақыттың ішінде өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Технология бүгінгі ғасыр ішінде ескірмейтін сала ретінде қарастырылуда. Болашақ үшін маңызды қызмет атқаратын ұрпағыңызға бүгіннен бастап инвестиция құйыңыз. Кәсіпкерлік саласында күн өткен сайын автоматтандыру мамандықтарының маңызы артып келеді. Бүгінгі таңда танымал мамандықтардың көпшілігі алдағы 10 жылда тарихқа айналып, жаңа мамандықтармен алмастырылуы мүмкін. Технологияның қарқынды дамуымен көптеген жұмыс орындары автоматтандырылды немесе ескірді. Жақын арада робототехника және деректерді сақтау саласындағы мамандықтардың танымалдығы артып, қара күшті қажет ететін мамандықтар жойылады деген болжам бар. Сандық технологиялардағы қарқынды өзгерістер әсіресе коронавирустың (COVID19) жаңа түрінің пайда болуымен бұл салаларға қысқа мерзімде терең өзгерістер алып келді. Сонымен қатар, қашықтықтан жұмыс істеу және кәсіпкерлік саласындағы басқа да өзгерістер болашақта мамандық таңдау барысында маңызға ие болады деп күтілуде. Жоғары білім алғысы келетін талапкерлер үшін де мамандық таңдауларында инновацияға мән беретін мамандықтар сұранысқа ие болады деген пікірдемін. ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР БАРЛЫҚ САЛАНЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТЕДІ Жүргізілген зерттеулер күн өткен сайын кәсіпкерлік саласында жасанды интеллекттің маңызы артып келе жатқандығын көрсетеді. Сарапшылар алдағы он жылда қазіргі жұмыстардың кем дегенде үштен екісін жасанды интеллект атқаруы мүмкін деген болжам жасайды. Бірте-бірте еңбек саласында бағдарламалық қамтамасыз ету және жасанды интеллектті оқытатын мамандықтар маңызға ие болып, болашақта тіпті біз естімеген мамандықтар да пайда болуы мүмкін. Оқыту үрдісінде болашақтың мамандықтарына маңыз беретін және бұл мамандықтарды оқытуды оқу үрдісіне қарқынды түрде енгізетін университеттер ұтуы мүмкін. Терең өзгерістер орын алып жатқан бүгіндері заманға ілесіп, күннен-күнге маңыздылығы артып келе жатқан осы мамандықтардың кейбірін сіздер үшін жинақтадық. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ БАҒЫНДЫРЫҢЫЗ Машиналарды тұрақты жұмыс істеуге бейімдейтін және машиналық оқу алгоритмдерін жазатын жасанды интеллект инженериясы қысқа уақыт ішінде барлық секторларға таралады деп күтілуде. Әрекеттерді логикалық және тиімді түрде орындау үшін машиналарды бағдарламалайтын жасанды интеллект инженерлері бағдарламалық жазылым компанияларында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, сонымен қатар болашақта ауруханалар, зауыттар және қызмет көрсету салалары секілді көптеген салада сұранысқа ие болуы мүмкін. Автоматтандыру көптеген салада қолданылатынын ескерсек, оларды басқаратын жасанды интеллект инженериясы болашақтың ең үлкен сұранысқа ие болатын мамандықтарының қатарында болады деп ойлаймыз. Университеттердің тиісті бөлімдерін бітірген түлектер автоматты оқу алгоритмдері, бағдарламалық жасақтау және өндіру процестері, деректерді енгізу мен іздеу және салыстыру шаблондары секілді курстарда өздерін жетілдіре алады. РОБОТЕХНИКАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ СЫЛ САЙЫН АРТУДА Роботтар мен роботтық жүйелерді дамытуға бағытталған робототехника да болашақта жиі сұранысқа ие болатын мамандықтардың қатарында деп ойлаймыз. Осы салада жұмыс істейтін инженерлер роботтарды шығару, жобалау және пайдалану бойынша жұмыс істеп жатқанда, бұл технологиялар көлік шығару саласынан авиацияға дейін, қорғаныс өнеркәсібі саласынан ядролық энергиямен байланысты салаларға дейін ауқымды еңбек саласында қолданылуда. Жоғары оқу орындарының мехатроника факультеттерін бітірген студенттер роботтық жүйелер инженериясы саласын толық оқыды деп саналмаса да, университетте робототехникадан өтетін таңдау курстарын меңгергендіктері үшін бұл саладағы жұмысқа орналасу көрсеткіштерін арттыра алады. Болжам бойынша болашағы бар бөлім болып табылатын робототехникаға деген қызығушылық алдағы жылдары артып, бұл салаға инвестициялар үлкен қарқынмен құйылуы мүмкін. КИБЕР ҚАУІПСІЗДІКСІЗ ОБОЛАШАҚТЫ ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС Сандық салада өзгерістер мен инновациялар көбейген сайын бұл платформалардағы киберқауіптер де сол қарқынмен артуда. Киберқауіпсіздік бойынша сарапшыларды жұмыспен қамту саласы ақпараттық және операциялық қауіпсіздік, жүйелердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіретін қауіп-қатерлерді болдырмау және алдын алу бойынша көптеген түрлі салаларды қамтып, бүгінга таңда қарқынды түрде кеңейіп келеді. Киберқауіпсіздік өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді. Осы салада жұмыс істегісі келетін кісілер кибер барлау, операциялық жүйелердің қауіпсіздігі, желі қауіпсіздігі, жалпы жүйе қауіпсіздігі, мобильді жүйе қауіпсіздігі секілді мамандықтар бойынша қызмет істей алады. Компьютерлік инженерия, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер секілді мамандықтарды бітірген түлектер осы салада жұмысқа орналаса алады. Бүгін мемлекеттер, мекемелер мен компаниялар киберқауіпсіздікке ауқымды инвестиция салуды. 2020 жылдың өзінде тек Түркияда мемлекетке қарсы жасалған және бұғатталған шабуылдардың саны 100 мыңнан асты. БОЛАШАҚТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Сандық платформаларда қосымшалар мен бағдарлама жазатын, осы бағдарламалардың жұмысын қамтамасыз ететін және негізгі код пен қосымшаларды жетілдіретін бағдарламалау саласы кәсіп салалары ішінде өз маңыздылығын тез арада көрсете бастаған салалардың басында. Бүгінгі өмірімізде сандық қосымшалардың саны күн сайын артып келеді. Осы платформаларда қызмет беретін қосымшалардың барлығын қолданбалы және бағдарламалық жасақтаушы мамандар әзірлеуде. Түрлі платформаларда маманданған және жұмыс істей алатын бағдарламалаушылар бағдарламалық қосымша әзірлеу, веб-қосымшаларды әзірлеу, мобильді қосымшаларды әзірлеу секілді түрлі қызметтер ұсынады. Күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналған сандық жолдармен жұмыс істейтін көптеген мамандықтар сияқты бағдарламалық жазылым мен қосымшаларды дайындау болашақтың мамандықтарының бірі болып табылады. САНДЫҚ ҰРПАҚТЫҢ МАМАНДЫҒЫ ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ПИЛОТТАУ Күн өткен сайын дрондар түрлі салада кең қолданылып, маңызы артып келеді. Сондықтан болашақтың маңызды мамандықтарының бірі саналатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын пилоттауға деген қызығушылық күн өткен сайын артып келеді. Түркияда ұшқышсыз ұшу аппараты ретінде қабылданған және пайдалану үшін арнайы куәлігі бар дрондар алдағы 10 жыл ішінде түрлі көлемдегі жүктерді тасымалдай алады деген болжам бар. Дрондарды пилоттау бойынша коммерциялық қажеттіліктер үшін оқыту екі санатта жүргізіледі: UAV 0 және UAV 1. UAV 0 білімін алған мамандар 500 грамнан 4 килограммға дейінгі дрондарды басқаруға, ал UAV 1 білімін алған мамандар 500 граммнан 25 келіге дейінгі дрондарды басқаруға құқығы бар. Тәжірибеден әуесқой видео түсіруге дейін әр салада қолданыста жүрген ҰҰА болып табылатын дрондар кәсіби мамандар тарапынан қолданыла отырып маңызды бір кәсіптердің қатарына кіреді деп болжануда. САУДА САНДЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ Миллиардтаған кісі күн сайын әлеуметтік желілерде өз сандық іздерін қалдырады. Бұл желілерде жеке немесе бренд жайлы ақпарат берудің жолы – сандық маркетинг жүргізу. Бүгін ең ауқымды байланыс жолы болып табылатын бұл желілер болашақта сандық маркетингпен айналысатын мамандардың қолына өтеді. Сандық маркетинг мамандары брендтерді танымалдандыру саласында күннен-күнге маңызға ие болып келе жатқандықтан, бұл салада білім алған мамандардың армандаған жұмысқа орналасуы аса қиынға соқпайды десек қателеспейміз. Бұдан басқа виртуалды шындық мамандары, 3D принтер инженериясы, ақылды қала сәулетшілері және 5G жүйесін жетілдіруші секілді мамандықтар болашақта үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде. КЛИМАТТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРУІН БОЛДЫРМАУ үшін жаңа мамандар қажет Климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты бұл саладағы зерттеулер күннен-күнге артып келеді. Болашақта ауа-райын жақсарту және оны бақылау үшін климаттық инженерия саласының маңыздылығы артуы мүмкін. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯДА ЖАҢАША МАМАНДАНУ Жаһандық энергетика саласында күннен-күнге үлесін арттырып келе жатқан жаңартылатын энергия саласына инвестициялар алдағы жылдарда да арта түседі деп күтілуде. Сондықтан жаңартылатын энергия және энергияны тиімді қолдану осы ғасырда ең маңызды тақырыптардың бірі болып табылады және болашағы бар мамандықтардың қатарында. Жаңартылған энергия мамандары болашақта бұл салаға салынған ауқымды инвестициялардың арқасында өз артында өшпес мұра қалдырып кетуі мүмкін.