Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерлері Қырғызстанның үш азаматына қарсы қару қолданған. Бұл туралы Kabar.kg Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданы Ақтам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекені маңындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесінде болған.«Оқ тиген Қырғызстан азаматтары 1974 жылы туған А.К., 1998 жылы туған А.Ж. және 2000 жылы туған А.Ж. ауыр жараланып, Ала-Бұқа ауданының ауруханасына жеткізілгенімен, ес жимастан көз жұмды», - делінген хабарламада.Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қырғызстанның Ала-Бұқа бағытындағы шекара өкілі Өзбекстан Республикасының Янги-Қорған бағыты бойынша шекара өкілімен дереу кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тексерулердің қорытындысы бойынша кездесуді 2022 жылдың 6 мамырында жалғастыруға келісті. Оқиға фактісі бойынша бірлесіп әрекет етуші органдар да хабарланып, жедел-іздестіру шаралары басталды.