Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-11.05.2022

Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-11.05.2022

«Қазгидромет» 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға жақын елдің солтүстігінде және орталығында жаңбыр болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.