Украинадағы соғыстан туындаған азық-түлік, отын және қаржы дағдарысы кесірінен кедей елдерде тәртіпсіздіктер басталып, 70-тен астам ел дефолтқа ұшыруы мүмкін. Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда БҰҰ ДДМУ бағдарламасының өкілі Ахим Штайнер мәлім етті, - деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Біз тиісті шара қабылдауға тырысып жатырмыз. Көптеген дамушы елде қаражат таусылуда», – деді Штайнер.Оның айтуынша, инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің жоғары болуы салдарынан 70-тен астам елде дефолт орнауы мүмкін. Бұған дейін Шри-Ланкада жаппай наразылықтар аясында дефолт жарияланған болатын. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинадағы соғыс жаһандық азық-түлік дағдарысын тудырды деп мәлімдеген еді. Ол дағдарысты тоқтатпаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтты.