Ресей президенті Владимир Путин өздеріне тиесілі жерлерді қайтару өз міндеті екенін айтып, өзін І Петрмен салыстырды. Бұл туралы ол бірінші ресейлік императорға арналған көрмеден кейін жас кәсіпкерлер және ғалымдармен кездесуде айтты, – деп жазады euronews.
– I Петр Солтүстік соғысты 21 жыл басқарды. Швециямен соғысып, бірдеңені тартып алғандай көрінді. Бірақ ол ештеңе тартып алған жоқ, керісінше қайтарды. Солай болды. Қайтарып алды, күшейтті. Шамасы, біздің мақсатымыз да аймақты қайтару және нығайту болса керек, – деді Путин.24 ақпанда Ресей армиясы Украина жеріне басып кірді.