Полицейлер көпірден секірмек болған көпбалалы әкені құтқарды

Полицейлер көпірден секірмек болған көпбалалы әкені құтқарды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, отбасындағы кикілжіңнен соң көпбалалы әке көпірден секірмек болған. Полицейлер суицидке оқталған ер адамды Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы бейнебақылау камерасынан байқап қалған. Inform.kz-тің жазуынша, кезекші инспекторлар оқиға орнына 3 минутта жеткен. Полиция майоры Ерлан Айнамқұлов пен Нұрмахан Қоспанов ер адамды сөзге тартып, назарын аударып, құтқарып қалды.