Қарақалпақстанда қазақстандықтарға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлады Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі. Ведомствоның мәліметінше, қазақстандықтар мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: +9989 61 2248206, +998993858644. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. Келесі мекенжайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А. Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимі 3 шілде басталды, 2 тамызға дейін жалғасады.