Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Науқас – Еуропадан оралған жас жігіт, - деп хабарлады ria.ru.
"Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Дертке шалдыққан жігіт Еуропа елдеріне сапарлай барып, елге оралған кезде денесі бөртіп кеткен. Ол дер кезінде медициналық мекемеге жүгінді", – делінген Роспотребнадзор хабарламасында.Роспотребнадзор аурудың жеңіл түрде екенін, науқастың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын жариялады. Жігіт оқшауланған. Қазір ол инфекциялық бейіндегі медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр. Ведомство инфекцияның одан әрі таралу мүмкіндігі тоқтатылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ведомство елде маймыл шешегін анықтауға арналған реагенттердің жеткілікті екенін хабарлады.