Украинаның арнайы қызметі Ресей әскерінің соғыстан қашқан сарбаздарды кері жолда атып жатқанынан хабарлады, - деп жазады Obozrevatel басылымы. Мұндай оқиғаны Украина арнайы қызметінің қызметкерлері 6 шілде күні анықтаған. Сол күні Запорожье облысының уақытша басып алынған бөлігінде Украина арнайы қызметінің өкілдері екі ресейлік әскеридің телефонмен әңгімесін тыңдаған.
"Олар Малая Белозерка ауылының маңында Ресейдің 30 әскери қызметкерінің орналасқан жерінен қашып кетуін талқылады. Оларға өздерінің қаруластары оқ жаудырған", – делінген хабарламада.Украинаның арнайы қызметі Ресей сарбаздарының майдан шебін тастап, тұра қашулары көбейіп кеткенін хабарлады.
"Соғыстан қашудың басты себебі – Украина артиллериясының соққыларынан ресейлік сарбаздардың жаппай қаза табуы болып отыр", – делінген материалда.Осы күндері украин қарулы күштері президент Зеленскийдің бұйрығы бойынша елдің оңтүстігін азат ету мақсатында Ресейдің басып алған жерлерге жасырған қару-жарақ қоймаларын атқылап жатыр.