Зейнеткер әйелдің банк картасын заңсыз пайдаланып жүрген ер адам ұсталды

Зейнеткер әйелдің банк картасын заңсыз пайдаланып жүрген ер адам ұсталды

Түркістан облысында зейнеткердің банк картасын көршісі заңсыз пайдаланып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Зейнеткер әйел өзінің банк картасын жоғалтып алған. Алайда оның телефонына банк есепшотынан ақша алынғандығы туралы SMS хабарлама түскен. Мұндай жағдай екі ай бойы қайталанған. Жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеден асады. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктіні тапты. Ол жәбірленуші әйелдің көршісі екені анықталды. Күдікті ер адам зейнеткер әйелдің жақын көршісі болғандықтан, оның банк картасының құпия сөзін бұрыннан білетін болып шықты. Әйел банк картасын жоғалтып алғанда оны көршісі тауып алған. Құпия сөзін білетіндіктен, ақшаны алған. Ақша мен карта заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.