Өскеменде журналисті белгісіз 5 адам ұрып кетті

Өскеменде журналисті белгісіз 5 адам ұрып кетті

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір журналист соққыға жығылды. Бұл туралы «Әділ сөз» ұйымы хабарлады. 
«3 тамыз күні белгісіз бес адам «Дорожный контроль» порталының журналисі Антон Князевті ұрып кеткен», - делінген ұйым таратқан хабарламада.
Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.