Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі Астана шағын ауданы 8 көше 13 уй тұрғындары алдын ала болжам бойынша газға улану жағдайы орын алғандығы туралы №5 Өрт сөндіру бөліміне ағымдағы жылдың 13 ақпан күні сағат 17.55 шамасында хабарлама түскен. Тұрғын үй 4 бөлмелі, жылыту қазандық белмесі тұрғын үйге жапсарласып орналасқан. Қазір таңда орын алған оқиға бойынша себептер анықталуда. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша газдан улану себепті түскен 1981 ж анасы, 2006, 2007, 2018 жылғы туылған балалары қайтыс болды. Ал1977 жылғы балалардың әкесі мен 2011 ж туылған баласы ауыр жағдайда реанимация бөліміне жатқызылды. «Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған 2011 жылғы ұлының жалпы жағдайы тұрақты ауыр, асқынулар жоқ.Есі анық, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Анаргүл Жексембайқызы, Маңғыстау облысы