Газада палестиналықтар мен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі жексенбі күні кешке күшіне енді. Бұл туралы USA Today агенттігі хабарлады. 5 тамыздан бастап Израиль ұшақтары Газадағы нысандарға соққы берді. Иран қолдаған «Палестиналық исламдық жиһад» қарулы тобы жауап ретінде Израильге жүздеген зымыран жіберген. Трансшекаралық әскери операциялардың ауқымды соғысқа айналу қаупі Египеттің делдалдығы арқылы бейбіт келісімдерге қол жеткізілгенше сақталды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі зорлық-зомбылықтың күшеюін талқылау мақсатында 8 тамызда шұғыл жиналыс өткізуді жоспарлады. Тамыз айында Кеңеске төрағалық ететін Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде БАӘ-ның өтініші бойынша сессия өткізуді жоспарлап отыр. Израиль әуе шабуылдарының салдарынан 15-ке жуық содыр қаза тапты. Оның ішінде «Палестиналық исламдық жиһады» командирлерінің бірі Халед Мансұр да бар. Израиль әскери күштерінің хабарлауынша, Газадағы содырлар Израильге қарай 580-ге жуық зымыран атқан. Олардың көбісі әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арқылы атылған, оның ішінде екеуі Иерусалимге бағытталған.