Өзбекстан мен Швейцария билігі Гүлнар Каримованың қылмыстық активтерін қайтару туралы түпкілікті келісімге қол қойды.
«Келісім аясында Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Каримова басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз иемденіп, Швейцарияда заңдастырылған 131 миллион доллар қайтарылады» делінген министрліктің хабарламасында.Келісімге Өзбекстан тарапынан Әділет министрі Русланбек Давлетов, Швейцария тарапынан президент Иньяцио Кассис қол қойды.