Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы пара алып жатқан кезде ұсталды

Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы пара алып жатқан кезде ұсталды

Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлықтың жолын кесті. Биыл 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-на қамалды. Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Басшының кінәсін сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.