Украинада жеңіс туы көтерілді

Украинада жеңіс туы көтерілді

Желіде Херсон облысындағы украин әскери күштері шабуылының жалғасып жатқаны және облыстың солтүстігіндегі Высокополье ауылының Украина бақылауына өткені туралы ақпарат тарап кетті, – деп хабарлайды Taulik.kz. Украина Жоғарғы Радасының депутаты Юрий Мисягин жексенбі күні украин сарбаздарының Высокопольдегі аурухана төбесіне жалау көтерген сәті бейнеленген фотосурет жариялады. Кейіннен дәл сол суретті Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак жариялады. Сонымен қатар оның орынбасары Кирилл Тимошенко Высокополье туралы ақпарат берді. Украинаның Бас штабы ауылды басып алғанын ресми түрде хабарлаған жоқ. Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский видеохабарламада украин әскері елдің оңтүстігіндегі 2 елді мекенді және Донецк облысындағы 1 елді мекенді босата алғанын мәлімдеді. Алайда қандай елді мекен екенін атамады. Бірқатар ресейлік телеграм арналар Ресей әскері елді мекеннен кетуге мәжбүр болды деп мәлімдейді. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі жағдайға түсініктеме берген жоқ.