Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрінің Даунинг-стриттегі резиденциясының алдында қоштасу сөзін сөйледі. Бұл туралы Daily Mail ақпарат агенттігі хабарлады. Экс-премьер-министр қызметінен кеткенімен, Қауымдар палатасындағы орнын сақтап қалады.
«Консерватор әріптестеріме саясатты тоқтататын кез келді деп айтқым келеді. Ендігі кезекте бәріміз Лиз Трасс пен оның бағдарламасы төңірегінде бірігіп, ел халқына қызмет етуіміз керек. Кейінгі үш жылда мені, менің отбасымды, тіпті итім Диланды бақылағандардың барлығына рақмет. Партия мүшелеріне айтқым келетіні, егер итім Дилан мен мысығым Ларри өз қиындықтарын жеңе алса, Консервативтік партия да жеңіске жете алады», – деп әзілдеді Борис Джонсон.Британ үкіметінің бұрынғы басшысы көптеген жанжал, соның ішінде коронавирусқа қатысты оқшаулау кезінде Даунинг-стриттегі сауық кештерден кейін премьер-министр қызметінен кетуге мәжбүр болды. Ал Британияның жаңа премьер-министрі қызметіне Лиз Трасс сайланған болатын.