Лакшми Митталды қабылдады

Лакшми Митталды қабылдады

Президент «АрселорМиттал» компаниясы басқармасының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады. Кездесуде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды. Сондай-ақ өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналды. Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар Президент ішкі нарықтың қажеттілігін «АрселорМиттал Теміртау» кәсіп­орнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берді. Бұдан бөлек, компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды. Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада «АрселорМиттал» компаниясы Қа­зақ­станға 1 миллиард доллар көлемінде ин­вес­­тиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаң­ғыртуға бағытталатынын жеткізді.