Биыл осы уақытқа дейін Қазақстанға 4 млн 399 мың шетелдік келді. ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың айтуынша, пандемиядан кейін келіп-кетушілер қатары көбейді. Пандемиядан кейін Қазақстаннан көшіп кету мен көшіп келу легі биыл 11 сәуірде басталды. Карантин жеңілдетілген соң көші-қон қайта жанданды. «Жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келді. Оның ішінде: Ресейден – 1 млн 700 мың, Өзбекстаннан – 1,5 млн, Қырғызстаннан – 547 мың, Тәжікстаннан 200 мыңнан астам адам. Қазақстаннан 4 млн 155 мың шетелдік кетті. Оның ішінде: 1 млн 666 мың ресейлік, 1 млн 370 мың өзбекстандық, 540 мың қырғызстандық, 196 мың тәжікстандық бар», – деді Аслан Аталықов. Бұған дейін Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған ресейліктердің ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.